{metadescription}
Ақтөбеде көпқабатты үйден секіріп өлді
Ақтөбеде көпқабатты үйден секіріп өлді

Ақтөбеде көпқабатты үйден секіріп өлді

Ақтөбеде 27 жастағы тұрғын қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйден секіріп өлді. Қазір оның өмірден баз кешуіне не себеп болғанын тәртіп сақшылары тексеріп жатыр.

25 қабатты үш үйден тұратын бұл кешенді жергілікті тұрғындар «Ақтөбе ажары» деген негізгі атауымен айтуды қойып, «Ақтөбе ажалы» деп кеткен. Өйткені ай сайын осындағы балконнан бір адам құлайды. Бұл жолы  27 жастағы ер адам үйдің 24-ші қабатынан секіріп кеткен.

Соңғы рет дәл осы үйде 13 жасар оқушы өзіне қол жұмсаған. Ол кезде жеткіншектің өліміне компьютерлік ойындардың кесірі тиді деген болжам айтылған. Тұрғындар да ажал тартып тұратын бұл үйде тұруға қорқатынын айтып отыр. Ашық тұрған подъездегі балкондарын темірмен қоршауды әкімдіктен сұраған. Бірақ оған қауіпсіздік үшін өрт сөндірушілер рұқсат бермей қойыпты. Енді тағы бір адамның өліміне сол ашық балкондар себеп дейді алаңдаған жұрт. Тәртіп сақшылары соңғы болған суицид себептерін анықтап жатыр.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Және де осы қайғылы жағдайға апарған себептері анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.