Қордайдағы былық: Жүк көліктері жарым жолда қаңтарылып тұр
Жамбыл облысында халық тұтынатын тауарлар тиелген 100-ден аса жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай жарым жолда қаңтарылып тұр. Жүргізушілердің айутынша, Қордайдағы мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары сан сылтаумен тексеруді ұзақ жүргізеді екен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
18.02.2022
Соның кесірінен ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Қаңтарылған машиналар Қырғыз шекарасынан мүдірмей өтіп Қазақстанға келгенде жіпсіз байланып қалған. Жүргізушілердің алды 15 күннен бері осында тұрғанын айтады. Көбінің төзімі таусылған. Олардың біразы көлікке түнеп, соның ішінде ас-суымызды ішіп жатыр дейді. «Әбден шығынға баттық» деген азаматтар мемлекеттік кірістер басқармасы жұмысты ширатсын деп талап қойды. Наразылардың сөзінше, сылбыр қимылдайтын мамандар бір көлікке жарты ай жұмсайды екен. Ал жауаптылар бұл пікірді теріске шығарады. Олардың сөзінше, шекарадан контарабанда тауарларды алып өту жиілеген. Сондықтан заңға сәйкес 16-ақпаннан бері бақылауды күшейттік дейді.
Еркебұлан Сағитов, Жамбыл облысы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:
- Көп жағдайда тауар мен құжаттар сәйкес келмей жатады. Сондықтан біз мұқият тексеруге мәжбүрміз. Жүргізушілердің жарты айға жуық уақыт тексеріс жүргізіп, ығырымызды шығарды дегендері бекер. Тиелген тауарларды толық қарап шығуға ары кеткенде бес күн кетеді. Одан артық ұстамаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!