Ақтөбе облысында 50-ге жуық тұрғын екі елден зейнетақы алып келген
Ақтөбе облысында 50-ге жуық тұрғын екі елден зейнетақы алып келген. Қазір шенеуніктер артық ақша алған қарттарды жаппай сотқа беріп жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.02.2022
Сотқа шақырылған зейнеткерлердің барлығы кезінде Ресейге көшіп, сол елдің азаматтығын алған. Кейін жерсінбегенін айтып кері оралыпты.
Бірақ көрші елден зейнетақы алуды доғармаған.
Ең қызығы арам оймен Ресейге кеткендер де анықталып жатыр. Өйткені ол жақта зейнеткерлікке біздің елге қарағанда үш жыл ерте, яғни ерлер алпыс жаста шығады. Қазір алты зейнеткер қос елден заңсыз алған ақшаны қайтарып беруге келісіпті. Олардан 18 миллион теңге өндірілетін болды. Ал қалған қырық қария сотсыз ештеңені кері қайтармаймыз деп отыр.
Самал Нұғыманова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ақтөбе облысы филиалы директорының орынбасары:
- 40 адамға байланысты 36 адам істері сот арқылы қаралуда әділ шешім қаралу үшін. Төрт азаматпен жұмыс істеп жатырмыз. Салыстырып тексеру сәйкестендіріліп, екі жақтан да қай азамат зейнетақы алып жатқан тізім бойынша анықталып, біз жұмыстарымызды өз тарапымыздан жүргізіп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!