{metadescription}
Күшік құда! Естігенді елең еткізер фильм жарыққа кшықты
Күшік құда! Естігенді елең еткізер фильм жарыққа кшықты

Күшік құда! Естігенді елең еткізер фильм жарыққа кшықты

«Күшік құда». Естігенді елең еткізер осындай атаумен отандық жаңа фильм жарыққа шықпақ. Туындыда отбасын құрған жас жұбайлардың емес, олардың ата- анасының арасындағы оқиға суреттеледі.

Төс қағыстырған жаңа құдалардың бір шаңырақ астында тұруына не себеп? Балалардың  бақыты үшін бір-бірімен тіл табысып кете ала ма? Оны 3-наурызда көрерменге жол тартатын жаңа картинадан көріп білеміз.  

Бұл комедия бұрынғыдан өзгерек. «Күшік күйеу» сөзін естіп үйренген құлағымызға «Күшік құда» тіптен түрпідей тиері анық. Десе де фильм продюсерлері жаңа туындыда ертеден келе жатқан жекжаттар жайындағы мәселені жаңа қырынан көрсетуге тырыстық дейді. Сондай-ақ, комедия күлкіге қарық қыла отырып, ой салатынына сенімді.

Дастан Қалдыбаев, продюсер:

Пәтер жалдап жүре береді. Бір күні қызын ұзатса,ұлын үйлендірсе, үйі жоқ адамдарда қандай жағдай болады деген ойға тоқтадық та, соны толықметражды фильм жасап шығаруға шешім қабылдадық. Қиындықтар кішкене локация таңдауда болды.

Түсірілім тобы әсіресе үй таңдағанда біраз әбігерге түсіпті. Өйткені екі құданың арасындағы қызық пен шыжыққа толы оқиға заманауи зәулім шаңырақта көрсетілуі тиіС. Ал актерлар құрамын сценарий жазып бастағанда-ақ бөліп қойыпты. Қызын бай әулетке ұзатқан қарапайым отананың рөлін Бақыт Әліпбаева сомдайды.

Бақыт Әліпбаева, Актриса:

- Кейіпкерімнің аты Майра. Бұл қарапайым, қазақ әйелі. Комедияда дарақы күлкі, ондай жоқ. Күліп отырып жылағыңыз келеді, шыны керек. Бұл жерде тек қана құдалардың арасындағы проблема емес, қазіргі материалдық адамдардың материалдық теңсіздігі. Байлар мен кедейлердің деп айтайыншы, солардың арасындағы қарым-қатынас.

Ал басты екі құданың рөлі белгілі актерлер Жан Байжанбаев пен Қуандық Шәкіржановқа берілген. Жас жұбайлардың рөлінде Асқар Ілиясов пен Айым Сейітметова. Осылайша төс қағыстырған құдалардың өзге де қақтығысы жайындағы фильмді 3-наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрынан көре аласыздар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде