Қаңтар оқиғасы: Екі бала қаза тауып, жетеуі оқтан жараланған
Қаңтар оқиғасы кезінде екі бала қаза тапқан. Тағы жетеуі оқ жарақатын алды. Денсаулық сақтау министрлігі бүгін жазатайым жағдайдан жапа шеккендердің санын мәлімдеді.
Автор: Елдос Есенбол
18.02.2022
Бауыржан Байсеркин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрағасы:
- Үш аймақта кәмелетке толмаған балалар зардап шекті. Алматыда оқ жарақатынан екі бала қаза тапты, жетеуі оқ тиіп жараланып стационарларға түсті: төртеуі — Алматыда, екеуі — Алматы және біреуі — Жамбыл облыстарында. Тағы бір жүкті әйел шашылған газдан уланды.
Жалпы төтенше жағдай уақытында үш мыңға жуық азамат ақ халаттылардың жәрдеміне жүгінген. Оның ішінде 188-нің жағдайы аса ауыр деп танылып жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ал 177 азаматтың демі аурухана төсегінде үзіліпті. Қаңтардағы қақтығыста зардап шеккендер біразы әлі күнге дейін дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауырлары да бар. Бейберекетсіздік кезінде адам өміріне араша болған дәрігерлердің өзі де таяқтың астында қалған. Қақтығыс салдарынан 7 медицина қызметкері зардап шеккен. Оның бесеуі Алматы қаласынан болса, қалған екеуі Шымкент қаласы мен Алматы облыстарынан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!