{metadescription}
Балтабайлықтар карьерлерден зардап шегіп отыр – Алматы облысы 
Балтабайлықтар карьерлерден зардап шегіп отыр – Алматы облысы 

Балтабайлықтар карьерлерден зардап шегіп отыр – Алматы облысы 

Алматы облысында мал жаятын ұлтарақтай жер таппай қынжылған 100-ге жуық тұрғын бас көтерді. Балтабай ауылындағы саяжайдың басым көпшілігін құм-тас өндіретіндер қазып, астаң-кестеңін шығарған.

Тереңдігі 30 метрге жететін карьер елдімекен аумағына дейін ұлғайған соң, ойнап жүрген бала да карьерге құлапты. Тұрғындар үш жылдан бері құзырлы орындарға қанша шағымданғанымен, еш нәтиже шықпаған. Бұқараның базынасын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Балтабай аулындағы Прометей саяжайының айналасын 30 метр терең қазылған карьер қоршаған. Құм-тас өндіретіндерге мұнда тұрып жатқан 100-ге жуық отбасы түбегейлі қарсы. Өйткені мал жаятын жердің тапшылығымен қоса, бала-шаға да шұңқырға құлаған.       

Жексенбай Мұратбек, Балтабай ауылының тұрғыны:

- Үйлеріміз құлағалы тұр. Жарылып тұр. Ал біздің көршіміздің баласы шұңқырға құлап, әйтеуір аман-есен жаны қалды. Мал баға алмайтын болдық. Ауыл халқы 5-10 тұяқ малмен жан бағып отыр. Сондықтан мынаны тегістеп берсін, бұл карьер кетсін. Енді қазғызбаймыз. Керегі жоқ!

Былтыр карьерді осы жаққа дейін қазып тастапты. Дәл артында қора тұр.Тұрғындар әкімдікке шағымданып,  олар 100 метр көміп береміз деп сендірген. Қазір міне санап көрейікші. Бір, екі, үш,төрт, бес, алты. Небәрі, 6-ақ қана метр.

Қиындықтың көкесі жаз шыққанда басталады. Өйткені төбеге көтерілген шаң-тозаңға бөгіп қалатын қараша амалдың жоқтығынан құм аралас ас-су ішіп жүр.

Сәрсенбек Тәлімұлы, Балтабай ауылының тұрғыны:

- Барлығының ішіп жатқаны құм мен топырақ. Ертең ерте екі киімін жуып қойса, түстен кейін киюге жарамайды. Бала-шағамыз танауы қап-қара болып, шаң жұтып келеді.

-Бүткіл ауылдың ортасына келіп, ойып тастады. Не деген сұмдық! Бұл Қазақстан мемлекетіне адам керек пе, жоқ па?! Көрінген ауылдың ортасынан ойып жегенге құм керек пе? Осыны ойлайықшы.

Халықтың мазасын алған «НовТехСтрой», «ФинТэк», «Эксклюзив», «Мегатас», «Еңбектас» атты бес карьер. 2006 жылдан бастап олар күндіз-түні тоқтамай жұмыс істеп жатыр. Онысына тағы үш компания қазуға дайын тұрған сыңайлы.

Жан бағатын жер берсін, үкімет, бар болатын болса. Жоқ болса, онда біз экскаватордың астына түсіп өлейік...

Бұқараның шулағанын естіп әкімдіктегілер мен тек бір ғана карьердің учаске бастығы келді. Енді тұрғындар олардан әр отбасыға 8 миллион теңге беруін және өзге өңірге көшіруін талап етіп отыр. Алайда басшы құм-тас өндіру жұмысын тоқтатқысы жоқ. Енді екі тарап келісіп мемлекетке хат жазбақшы.

Нариман Камзаев, «НовТехСтрой» ЖШС учаске бастығы:

- Саяжай жақтан комиссия, карьерлер жақтан комиссия болып, бір жерге келейік, келісейік. Үйлерді, адамдардың барлығын шығарамыз және мына жер қазуға беріледі. Екі жақтан мынандай талаптар бар. Мына талаптармен мемлекетке хат жазуымыз керек.

 Ал әкімдіктегілер заңды істеп келген карьерлердің тек уақытша ғана тоқтатылғанын айтады. Егерде құм-тас өндіретіндер халық талабын орындаса, тұрғындарды көшіреміз деп отыр. Алайда оның өзі ұзаққа созылатын тәрізді. 

Рахат Камалова, Балтабай ауылы округі әкімінің орынбасары:

- Халықтың ой-пікірі қазір ауданға жеткізілді. Аудан біледі. Қазір уақытша тоқтатылды деді. Құрылтайшы айтып тұр ғой, сатып аламыз деп. Соған сәйкес сататын үйлер болса, біз көмектесеміз, өз халқымызға, сатып алуға. Бірақ 54 аулаға бірден үй алып береміз деп айта алмаймыз.

Үш жылдан бері талай табалдырық тоздырған бұқара атқамінерлерден «қайран жоқ» деп отыр. Егерде осы жолы мәселе сиырқұйымшақтанып кетсе, табиғаттың астаң-кестеңін шығарып 100 отбасының тағдырына түрткі болып отырған карьерді президентке хат жазып, карьердің жабылуын сұрамақшы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.