{metadescription}
Қарағанды облысы: Су алу қаупі бар елдімекендер бақылауға алынды
Қарағанды облысы: Су алу қаупі бар елдімекендер бақылауға алынды

Қарағанды облысы: Су алу қаупі бар елдімекендер бақылауға алынды

Қарағанды облысында соңғы аптада түскен қар көлемі құтқарушыларды састырып отыр. Үш-төрт күнде бір айдың қары түсіп, облыстағы 160-қа тарта елдімекенде тасқын жүру қаупі жоғарылаған.

Соңғы жауын-шашыннан кейін елдімекендердің маңынан 523 мың текше метр қар шығарылған. Әлі де үйіліп жатқан ақ ұлпа жетерлік. «Күн жылығанша жұмыс тоқатамауы керек», - дейді төтеншеліктер.

Қазір облыстағы қардың көлемін ғарыштан тексеру басталған. Өткен аптада түскен қардың бір айлық көлемі 158 елдімекенге қауіп төндірген. Күн күрт жылынса, жерге сіңбейтін қызыл су ырық бермей кетуі  ықтимал.

Мұрат Қатпанов Қарағанды облысы ТЖД бастығы:

- Соңғы жауған қарды ескеретін болсақ, су қоры артуы мүмкін. Су алу қаупі бар елдімекендер мен нысандардың нақты саны нақтыланып, облыс бойныша 158 елдімекен айырықша бақылауға алынды. Олар Шет, Бұқар жырау, Осакаровка, Шет және Абай аудандарында орналасқан. Тұрғындарға  төтенше жағдай қаупі туындағанда қажет іс қимыл бойынша арнайы ұсыныстар әзірленді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде