{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелде шоты, жылжымайтын мүлкі де жоқ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелде шоты, жылжымайтын мүлкі де жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелде шоты, жылжымайтын мүлкі де жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы мүшелерінде ешқандай шетелдік банкте шот жоқ! Президенттің атында банк шоттары және ұлының атында Женевада жылжымайтын мүлік бар деген ақпаратты баспасөз хатшысы жоққа шығарды.

Берік Уәли мемлекет басшысының да, оның бұрынғы әйелі мен 38 жастағы ұлының да елден тыс шығарылған ақшаларға иелік етпегенін айтты.  

Берік Уәли, ҚР президентінің баспасөз хатшысы:

- Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған. Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол  кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген. Өздеріңіз білесіздер, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде