{metadescription}
Заңсыз майнинг саудасымен айналысқан 13 ферма анықталды
Заңсыз майнинг саудасымен айналысқан 13 ферма анықталды

Заңсыз майнинг саудасымен айналысқан 13 ферма анықталды

Елімізде бес күн ішінде заңсыз майнинг саудасымен айналысқан 13 ферма анықталды. Олардың жалпы қуаттылығы 220 мегаваттан асып кеткен. Жасырынып криптавалюта өндіргендер Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды. 

Көлеңкелі кәсіп қылғандар еселеп электр энергиясын қолданса да ақысын жеңілдікпен төлеп келген. Мәселен, елордалық майнерлер өткен жылдың қарашасынан күні бүгінге дейін 48 мың доллар тауып үлгерген. Ал алматылық алаяқтардың мемлекетке келтірген шығыны 131 миллиард теңгеден асып жығылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің дерегінше, жымысқы әрекеттерін жасыру үшін электр энергиясын бақылаушыларға бір жарым миллион теңгеге дейін пара берген. Жеңіл ақша тапқысы келгендер түрлі әдіс-тәсілді қолданған. Алматылық сұр майнерлер тоқыма фабрикасының кейпінде жұмыс істесе, павлодарлықтар көкөніс қоймасының атын жамылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде