Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Алматыда қолға түсті
Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде төрт адамды атып өлтіріп, екі жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
21.02.2022
Қаскөй Алматы облысында тұтқындалған. Күдіктінің қалай қолға түскені және оның қай өңір тұрғыны екені ашық айтылмады. Жас шамасы мен отбасылық жағдайы да белгісіз.
Екі жыл бұрын ақпан айында Масаншы, Ауқатты және Бұлар Батыр ауылының тұрғындары арасында дау туындап, соңы қарулы қақтығысқа ұласқан. Жаппай тәртіпсіздіктен 10 адам қаза тауып, 150-ге жуық тұрғын жарақат алған. 25 үй мен 30-дан аса коммерциялық нысан және 41 көлік өртеліп қиратылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!