Балаларды аш-жалаңаш қалдырған қос шенеунік жұмыстан қуылды
Павлодар облысында қараусыз қалған төрт баланың ісі бойынша қызметтік тергеу аяқталды. Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары мен білім бөлімінің басшысы да жазаланды. Аш-жалаңаш қалған балалар үшін қос шенеунік бүгін жұмыстан қуылды.
Автор: Салтанат Шырынхан
21.02.2022
Тәртіптік жазаға тартылғандардың ішінде қаладағы емхана дәрігерлері, білім бөлімінің мамандары мен учаскелік инспектор және Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары бар.
Осыдан бір апта бұрын еріктілер ашқұрсақ балаларды тауып алған. Бірнеше күн тамақтанбаған олар өздігінен жүріп-тұра алмайды. Тіпті тілі де шықпаған. Үлкені 7 жаста болса, кішісі небәрі 3 жаста. Ата-анасы Екібастұз қаласына Қалқаман ауылынан көшіп келіпті. Үнемі аш жүрген төртеуінің де сүйегі қисайып рахит ауруына шалдыққан. Дамуында да ақау анықталған олар қазір пневмония және коронавирустан емделіп жатыр. Анасы қазір науқас балаларының жанында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!