Жол апатында өртеніп кеткен үш баланың әкесі де қайтыс болды – Ақтөбе
Ақтөбеде көлік апаты кезінде тірідей өртеніп кеткен үш баланың әкесі де қайтыс болды. 46 жастағы отағасының сүйегінің сау-тамтығы қалмаған. Басынан да ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.02.2022
Жандос Дербіс, Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері:
- Жедел медициналық көмек жансақтау бөлімінде бүкіл емі жасалды. Соған қарамастан сегіз сағаттан соң науқас қайтыс болды.
Марқұмды жақындары Алға ауданына алып кетіп, балаларымен бірге жерледі. Лада-Ларгус көлігін тізгіндеген ол алдындағы машинаны басып озамын деп, қарсы келе жатқан жүк көлігімен түйіскен. Жол жиегіне аударылғанда көлігі өртеніп, үш баласы тірідей жанып кетті. Кішкентайы бір жаста. Қалған екеуі 13, 15 жаста. Апат кезінде әкесі көліктің терезесінен сыртқа ұшып түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!