{metadescription}
Мұрат Бектановқа қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған
Мұрат Бектановқа қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған

Мұрат Бектановқа қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған

Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады. Сайттарындағы мәліметке қарағанда генерал-лейтенантқа қатысты қылмыстық іс 19-ақпанда қозғалған. Ертесіне ол қамауға алыныпты. 

Жоғары дәрежелі шенді қазір тергеу изоляторында отыр. Қылмыстық кодекстің 452-бабы, яғни әрекетсіздік дерегі бойынша тергеп-,ексерілмек.

Мұрат Бектанов қорғаныс министрі лауазымында бар болғаны жарты жыл жұмыс істеді. Қаңтар қақтығысынан кейін президенттің сынына ілігіп, «командирлік қабілетін көрсете алмады» деп сөз естіген. Артынша жылы орнынан айырылды. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қарулы содырларға тек полицейлер мен Ұлттық ұлан сарбаздары тойтарыс берген болатын. Бұл сәтте армияның немен айналысқанын енді тергеу анықтайды.

Бектановты қорғаныс министрлігіне тағайындаған күні Тоқаев армия алдына бірнеше мақсат-міндет қойған. Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кез келген қауіп-қатерді тойтаруға дайын болу керек дегені есте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде