{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: 12 мыңдай адамнан жауап алып, 52 адамды соттап үлгерген
Қаңтар оқиғасы: 12 мыңдай адамнан жауап алып, 52 адамды соттап үлгерген

Қаңтар оқиғасы: 12 мыңдай адамнан жауап алып, 52 адамды соттап үлгерген

Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған. Құқық қорғау органдары екі мыңнан аса әр түрлі сот сараптамаларын тағайындапты. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттап та үлгеріпті.

Басым көпшілігі пробациялық тәртіпте жазасын өтесе, 13 күдікті түрмеге тоғытылған. Қос тараптың татуласуына байланысты тоқтатылған істер де бар. Қозғалған істердің барлығы ұрлау, тонау, заңсыз қару айналымы, мүлікті қасақана бүлдіру сияқты баптармен. Қазір тергеушілер 255 адамды күзетпен ұстап отыр.

Қаңтар оқиғасына байланысты алғашқы үкім шықты. Бұған дейін тек тергеу барысын айтып жүрген ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура қолына кісен салып, өз кінәсін мойындаған күдіктілер туралы ресми мәлімдеді. Алайда күдіктілердің қанша жыл түрмеде жазасын өтейтіні нақты айтылмады. Тек тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ ұрлаған алматылық екі азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны мәлім.

Жалпы ұсталғандардың үстінен үш мыңға жуық қылмыстық іс қозғалған. Тергеушілер 88 қылмыстық іс бойынша 107 күдіктіге қатысты айыптау актілерімен аяқтаған. Бүгінде криминалист, тергеуші сияқты 500 қызметкер қаңтар қырғынын тергеу-тексеруге жұмылдырылған.

Құқыққорғау органдары ұсталғандардың аяусыз әрекетін айтудан жалықпай келеді. Мәселен, Атырау облысындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қарулы топ орталық көпірден 18 жастағы сарбазды лақтырып жіберген. Бірақ ол тіріп қалыпты. Атырауда қарулы топ сарбаздардың келуінен қорқып үш жолаушылар мен бес жүк пойызының қозғалысын тоқтатқан. Тергеушілер қазір әлеуметтіке желіде бірдеңе жазарда абай болуды да сұрайды. Жақын күндері белгілі спортшы өз парақшасына бір азаматтың кінәсіз екенін мәлімдеген. Кейін оның мәйітханадан мүрде ұрлаған белсенді қатысушы болғаны анықталыпты.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет бастығының орынбасары:

- Аталған жағдайда қылмыстық қудалау органы адамдар тобында Қызылордада жергілікті полиция қызметі ғимаратына қарулы шабуыл жасап, полиция қызметкері басынан ауыр жарақат алды деген күдікке ілінді. Түнде азамат М. мәйітханаға кіріп, марқұмның полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауын жасыру үшін серіктесінің денесін ұрлады. Мұндай күдіктілерге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертуге жатпайды.    

Тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулар үйдің шатырынан, көліктен, белгісіз жерлерден табылып жатыр. Оларды біреулер заңсыз тығып отырса, кейбіреулер сатып ақша таппақ болған. Тараздық 45 жастағы азамат 300 мың теңгеге Калашников автоматын сатып жатқанда қолға түсіпті.

Алматыда қару дүкенінің қабырғасын бұзып кіріп, ішіндегі қару-жарақты екі машинаға тиеп алып кеткен күдіктілер ұсталды. Қару ұрлағандардың әуежайға басып кіріп, ішін қиратқандардың қатарында болғаны анықталған.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:

- Алматы қаласы Шаңырақ 2 шағынауданында екі адам ұсталды. Олардан 5000 тапанша және автомат патрондары бар цинк жәшіктері, бронежилет, қалқан, тізе қорғағыштар түріндегі арнайы құралдар, екі танкіге қарсы снаряд, 8 ұңғылы қару, 7 пневматикалық винтовка таптық. Оның ішінде біреуі оптикалық көздегішімен және пневматикалық пистолет алынды. 

Бір жарым айда 120 миллиондай ұрланған мүлік қайтарылды: автокөлік, тұрмыстық техника, зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар. Қазір 469 адам сот санкциясымен қамауда отыр. Арасында үйқамаққа алынып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғандар да бар. Ал адам өлтіру сияқты қылмысқа ең қатал бұлтартпау шаралары қолданылады.

Бүгінде елдегі ауруханаларда ауыр жарақат алған 107 құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлер жатыр. Олар пышақ жарақатын алған, бас сүйегі сынған, қатты күйіп, басқа да дене жарақаттарын алған. Қаңтар қақтығысында 3 мыңнан астам қауіпсіздік қызметкері зардап шекті. 225 адам қаза тапты. Олардың арасында бейбіт тұрғындар аз емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде