Тоқаев жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерін қабылдады.
Автор: Елдос Есенбол
21.02.2022
Моңғолия, Грекия, Индонезия, Марокко, Канада, Израиль, Мажарстан мемлекеттерінің өкілдері Қазақстан президентіне сенім грамотасын табыстады. Мемлекет басшысы өз кезегінде биыл осы елдер мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы екенін атап өтті. Биылғы жыл елімізге ауыр басталғанын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев, сын сағатта ынтымақ-ымырада болуға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Әкімшілігім өз тарапынан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырады, инвестициялық келісімшарттарға қол сұғылмауын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлықпен тоқтаусыз күреседі. Сіздерді пандемиядан кейінгі кезеңде дипломатиялық және саяси мол тәжірибелеріңізді, екіжақты қатынастарымызды жаңа биіктікке көтеруге пайдалануға шақырамын. Қазақстан сіздердің мемлекеттеріңізбен арадағы екіжақты және көпжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!