{metadescription}
Қаңтар оқиғасы Кәмелетке толмағандар тергеу изоляторынан босатылды
Қаңтар оқиғасы Кәмелетке толмағандар тергеу изоляторынан босатылды

Қаңтар оқиғасы Кәмелетке толмағандар тергеу изоляторынан босатылды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған екі жасөспірім тергеу изоляторынан босатылды. Кәмелетке толмағандар Алматы және Алматы облыстарының тұрғындары. Олар ешқайда шықпау туралы сенімхатпен үйіне жіберілген. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі жауапты уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді.

Қазір тергеу изоляторындағы жаралағандар саны – 55, ал сегіз азаматтың сүйегі сынып, тағы 213-і түрлі жарақатпен отыр. Бастапқыда оларға медициналық көмек көрсетілмеген. Тіпті кейбірін аурухана төсегінен тергеуге алып кетіп, кейін палатаға қайтарған оқиғалар да кездесіпті.

Әзімованың дерегінше, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың барлығы бірдей қазақстандық емес. Тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен тергеу изоляторында 18 шетелдік отыр. Өзбекстанның 14, Ресейдің 2 және Қырғызстанның 2 азаматы қамауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.