{metadescription}
Украина-Ресей шиеленісінің Қазақстанға тигізер салқыны қандай  –  сарапшылар пікірі
Украина-Ресей шиеленісінің Қазақстанға тигізер салқыны қандай  –  сарапшылар пікірі

Украина-Ресей шиеленісінің Қазақстанға тигізер салқыны қандай  –  сарапшылар пікірі

Толассыз санкция Ресейді алған бетінен қайтара ма? Ресейдің кейбір банктеріне шектеу қойған АҚШ-тың артын ала Канада, Жапония мен Австралия билігі де шектеуді қатаңдатты. Бірінші кезекте Донецк пен Луганск халық республикаларымен қаржылай операция жасауға тыйым салынған. Еуроодақ та антиресейлік шараларын күшейтті.

Украинадағы жағдайға байланысты қазақстандық әуе компаниялары бағытын өзгертті. Геосаяси шиеленістің Қазақстанға тигізер салқыны қандай?

Еуроодақ ескертуді қойып нақты іске көше бастады. Путиннің Донецк пен Луганск тәуелсіздігін мойындауы Еуроодақ елдері сыртқы істер министрлерінің Парижде шұғыл жиналуына түрткі болды. Жиын қорытындысы бойынша, сепаратистік аймақты мойындап дауыс берді деген Думаның 351 депутатына жеке санкция салынды. Бұл тізімге Ресейдің бірнеше банкі мен Украинадағы жағдайды шиенелістірді деген тағы 27 адам ілікті. Арасында Путиннің досы саналатын Тимченко мен Ротенбергтер бар. Дегенмен Еуроодақ Ресей президентінің жеке басына қарсы шара қолдануға әзір асықпайды.

Жозеп Боррель, Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі:

- Біз Украинаның аумақтық тұтастығына және тәуелсіздігіне қауіп төндіріп қол сұққан 27 жеке және заңдық тұлғаға қарсы шаралар енгіземіз. Олар Ресейдің қорғаныс, банк және қаржы салаларының өкілдері. Ресейді келіссөзге итермелеу үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен БҰҰ-ы арқылы әрекет етуді жалғастыра береміз.

Ал Канада премьер министрі Джастин Трюдо Украина базаларына әуе қаруының екінші партиясын жөнелтті. Артынша Донецк және Луганскімен кез келген қаржылай операция жүргізуге, Ресейдің бағалы қағаздарын сатып алуға тыйым салды.

Антиресейлік санкциялардың әзірге Ресеймен көрші елдерге қандай кесірі тиерін басып айту қиын. Қазақстандық сарапшылар байбалам салудың әзірге қажеті жоғын, экономикалық тұрғыда қауіп жоғары емес екенін алға тартады.

Арман Бейсембаев, экономист:

- Еуропаның экономикасы, негізінен Ресейдің шикізатына аса тәуелді. Әсіресе көмірсутегін солардан алдырады. Сондықтан мұндай санкцияларды көбейту, бірінші кезекте, өздеріне тиімсіз. Рубльға қатысты айтар болсақ, қазіргі бағамынан әрі құлдырай қоймайды. Айналып келгенде кешелі дүрбелеңге салып жатқан жағдай жақын арада тұрақтайды деп есептеймін. Сондықтан бірнеше аптадан кейін валюта бағамы өзінің қалыпты жағдайына түседі.

Украинадағы жағдайға байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясы Киевке дейін ұшу бағытына түзету енгізді. Жағдай шиеленіссе, кез келген уақытта рейс тоқтатуға дайын. Киевке кешкі уақытта қону үшін уақытша Атырауда аялдап барып қайта ұшады. Ал сыртқы істер министрлігінің мәліметінше қазір Украинадағы консулдықтың тұрақты тіркеуінде 1113 азаматыз тұр. Әзірге ешқайсынан эвакуациялау жөнінде өтініш түспеген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі:

- Бүгінге дейін азаматтарымыз консулдыққа қоңырау шалып жағдайдың қалай өрбіп жатқаны жөнінде ақпарат сұрады. Қазақстан азаматтары негізінен Киев қаласы мен Одесса, Харьков, Львов облыстарында тұрады. Шұғыл жағдай бола  қалса, біздің жедел желіге хабарласуына  болады. +38 067 914 04 08

Луганск пен Донецкідегі ахуал өткен аптаның аяғында қайта ушықты. Ауық-ауық атылып жатқан оққа тараптар бір-бірін айыптауда. Ақыры Ресей билігі апта басында сепаратистердің бақылауындағы осы екі аймақты тәуелсіз елдер деп таныды. Енді әскер кіргізіп қақтығыстарға араласса, санкциялар одан бетер күшейе бермек. АҚШ пен Еуроодақ мұны қатаң ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.