Қарағандыда алты бутик пен үш дәмхана өртеніп кетті
Қарағандыда орталық базарда өрт шығып, 6 бутик пен үш дәмхана түгі қалмай өртеніп кетті. Түн ортасында тұтанған от 600 шаршы метр аумақты күлге айналдырған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
28.02.2022
Орталық базарды өрт шарпығаны туралы ақпарат түнгі сағат бірден кете түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде әбден күшіне мінген тілсіз жау жақындатпапты. 50-ден аса маман мен 15 арнайы техника өртпен бір сағат арпалысқан. Бір-біріне жапсарлас орналасқан базардағы дүңгіршектердегі киім-кешек толық жанып кеткен. Тауары мен дүние-мүлкі күлге айналғандар шығын 100 миллион теңгеден асты деп болжайды. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Ал зардап шеккендер оттың қасақана қойылғанына сенімді.
Самет Ахмадов, дәмхана қожайыны:
- Менің шығыным 15 миллион теңгеден асты. Қарызданып несиеге алып, жаз маусымына дайындалғанбыз. Дәмхананың ішін жаңарттық. Түн ортасында өрт өзінен өзі тұтанбайды ғой. Кінәліні тауып, шығынымыз өтелсін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!