{metadescription}
Қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың жақындарына 7 миллион беріледі 
Қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың жақындарына 7 миллион беріледі 

Қаңтар оқиғасында қайтыс болғандардың жақындарына 7 миллион беріледі 

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған азаматтардың жақындарына 7 миллион теңгеден беріледі. Тізімде ауыр жарақат алған азаматтар да бар.  Олардың отбасына "Қазақстан халқына" қоры есебінен 3 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетіледі.  

Қазір қор көмек көрсететін әскери және бейбіт тұрғындар туралы ақпарат жинап жатыр. Әзірге жинақталған өтініштерге сәйкес, қорғаныс саласынан 21 әскери қаза тауып, 94 адам ауыр жараланғаны белнілі болды.

Ажал құшқандардың қатарында үш бала және көпбалалы ана да бар. Төрт бала жараланған. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кездейсоқ құрбан болған 29 азаматтың тізімін ұсынған. Көмек көрсетілуде олардың қалай қаза тапқаны, оқиғаға қандай қатысы бар екені міндетті түрде анықталады.

«Қазақстан халқына» қорының құрылғанына бір айдан астам уақыт өтті. Осыған дейін электронды порталға 30 мыңнан аса өтініш түскен. Алайда Болат Жәмішев 70 пайыз халықтың сұранысын қарастырмайтынын жеткізді. Өйткені олар несиесін жабу, қарызын өтеу, үй алып беру, жаңа жобалар мен бизнес бастауға көмек сұраған. Бұндай өтініштер қор ережесіне сәйкес келмейді.

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы:

- Мен кей өтініштерді қызық деп айтпас едім. Иә, олар біздің жарғылық мақсаттарымызға сәйкес келмеуі мүмкін. Қор кедейліктің барлық мәселесін шеше алмайды, барлығын тұрғын үймен қамтамасыз ете алмайды, несиелерді өтеумен айналыспайды. Бірақ бұл өтініштерге таңқалуға болмайды. Олар қордың немен айналысатынын білу керек. Барлық өтініштің артында әр адамның  жанайқайы тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде