{metadescription}
Партия тәуелсіз институт ретінде өмір сүруі керек
Партия тәуелсіз институт ретінде өмір сүруі керек

Партия тәуелсіз институт ретінде өмір сүруі керек

Партиядағы өзгеріс - саяси өмірдегі оң өзгеріс. Елдегі жаңа реформаларды жан-жақты саралаған мамандар әрбір саяси институт халыққа бейім болуы шарт дейді. Сол себепті партиялар қарапайым жұрттың мұң-мұқтажын бірінші қатарға қойып, оны өкілетті органдары арқылы билікке жеткізіп отыру қажет деп есептейді сарапшылар. Ал осы бағыттағы саяси реформалар Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын әрі қарай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Индирa Рыстина, ҚР Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

- Партия атауын өзгертіп қана емес, сонымен қатар жалпы өзінің жұмыс істеу механизмдерін орталықтардан шет жақтарға емес, керісінше аймақтардан орталыққа берілетін принциптерге негіздеп отыр. Яғни, партияда децентрализация жұмысы басталып жатыр.

Никита Шаталов, ҚР Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өкілдігінің бас маманы:

- Саяси реформалар қандай жағдайға алып келуі мүмкін. Біріншіден, елімізде партиялардың қатары көбейеді. Қазірдің өзінде көптеген бастамашыл топты көріп жүрміз. Саяси құқықтарын жария ететін жаңа адамдар пайда болады. Бәсекелестік орнап, әрқайсысы сайлаушылары үшін күресуге мүмкіндік алады. Президент бұған дейін партия төрағалынан кету мүмкіндігі қаралып жатқанын тектен текке айтқан жоқ. Бұл партияның әкімшілік қолдауға сүйенбей тәуелсіз институт ретінде өмір сүру қажеттігін көрсетеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.