{metadescription}
Снаряд жарықшалары үйлерге түсіп жатыр. Украинадан келген отандастарымыз көзбен көргендерін айтты 
Снаряд жарықшалары үйлерге түсіп жатыр. Украинадан келген отандастарымыз көзбен көргендерін айтты 

Снаряд жарықшалары үйлерге түсіп жатыр. Украинадан келген отандастарымыз көзбен көргендерін айтты 

Украинадағы отандастарымыздың екіншігі легі бірер сағаттан кейін елге жеткізіледі. Польшаның Катовице қаласынан 120 қазақстандық мінген ұшақ елордаға қонады деп күтілуде. Репатриациялық үшінші рейс қалған азаматтарымыздың басы Польшада біріккеннен кейін аттандырылуы мүмкін. Еске салайық, кеше елге 175 адам аман-есен оралған еді. Өзге қалада тұратындары Алматыдағы қонақ үйге орналастырылып, ас -сумен қамтамасыз етілген.

Әуежайдың ішінде кәдімгі қарбалас. Жақындарын қарсы алуға келгендердің барлығы таблоға телміріп тұр. Енді бірі  жақындарының есімін қағазға жазып алған. Балагүл Майлыбекова ұлын Киевке оқуға жіберген ана. 19 жасар баласының жайын ойлап 6 күннен бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған.  

Балагүл Майлыбекова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Телефонмен сөйлестік. Бәрі жақсы ана, Қазақстанның елшілігінде барлығы қамтамасыз етілген. Бізді уақытында алып кетті деді. Қорықтық қатты. Сол енді қазір тосып, қуанышымызда шек жоқ. Қазақстан елшілігіне алғысымыз шексіз.

Катовице қаласынан Атырауда аялдамай, 6 сағатта ұшып келген отандастарымыздың алғашқылары терминалдан түнгі 11 де шыға бастады. Оралған 175 қазақстандықтардың ішінде 6 нәресте, кәмілетке толмаған 15 бала бар. Шоқан Мұстафин да 23-ақпанда Киевке қонаққа ұшып барған. Әскери қақтығыс басталған кезде, өзге қазақстандықтармен бірге қонақүйдің жертөлесіне тығылыпты.

Шоқан Мұстафин, Алматы қаласының тұрғыны:

- Кейін соғыс басталғанда Киевтің әкімшілік айтқан нұсқауларға         бағындық. Қазақстан елшілігі айтқан нұсқауларды орындадық. Елшілік жақсы жұмыс істеді.  Барлығымызды жеткізді, тамақ болды. Жолдың арасында Украина халқы да көмектесті. Сонымен жеттік.

Отандастарымыз Украинаның әр түпкірінен Польшаға бірнеше күн жүріп әзер жеткен. Тіпті, шекараға дейінгі кептеліс ондаған шақырымға созылыпты. Ал, атыс-шабысты өз көзімен көргендер көзіне жас алып, не көргенін айтып берді.

- Барлық жерде жарылыс болып жатты. Снаряд жарықшалары үйлерге түсіп жатыр. Халық жертөлеге тығылуда. Өте қорқынышты.

- Дауыстар естілді тарсылдаған жан-жақтан. Түтіндер,от жанған шет жағынан.  

Соңғы болып «Аir Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостер шықты. Ол да Украинаға жұмыс бабымен барып, сонда қалып қойған. Енді ол елге қайтам деген қазақстандықтардың барлығын көшіріп бітпейінше, репатриациалық рейстерді тоқтатпаймыз деп отыр.

Питер Фостер, Аir Astana әуе компаниясының президенті:

- Сапардың қаншалықты қиын болғанын түсіндіру үшін айтайын: жолдың соңғы жүз шақырымы 7 сағатты алды. Таңертең біз шекараға барып, елден кеткісі келген ұзын сонар кезекте тұрдық. Шекараға дейінгі 19 шақырымға 12 сағат уақыт кетті. Сөйтіп, Польшаға жеттік. Ондағы жағдай өте күрделі. Елден кеткісі келетін мыңдаған адам бар. Қазақстандықтарды алып келу үшін қажет болса  3-ші, 4-ші, 5-ші рейстерді де ұйымдастыруға дайынбыз.

Бірінші рейспен оралғандардың арасындағы 21 азамат өзге қалаларда тұрады. Олар  Алматыдағы қонақ үйге орналастырылған.  Соғыс басталған кезде Украинада жалпы 1600-ге жуық қазақстандық болған. Оның 657-сі елге жете алмай, елшіліктен эвакуациялауға көмек сұрапты. Бүгін екінші рейспен 120 азаматымыз қайтып келе жатыр. Ұшақ бірер сағаттан кейін Нұр-Сұлтан әуежайына қонуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде