{metadescription}
Ақтөбе аспанынан  төрт жүзден астам транзиттік ұшақ өтті
Ақтөбе аспанынан  төрт жүзден астам транзиттік ұшақ өтті

Ақтөбе аспанынан  төрт жүзден астам транзиттік ұшақ өтті

Бір күнде Ақтөбе аспанынан  төрт жүзден астам транзиттік ұшақ ұшып өтті. Бірақ олардың тек екеуі ғана елімізде аялдауға рұқсат сұраған. Шетелдік әуе компаниялары ол үшін Ақтөбені емес, Ақтаудағы әуежайды таңдапты. Бұған дейін Ақтөбедегі ұшақ жолағындағы ақау туралы шу болған еді. Жергілікті шенеуніктер оны дереу жамап тастадық дейді.

Айбек Қайыр, Ақтөбе облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының басшысы:

- Аэропорттың бетон жамылғысында шамалы кедергі болған. Бірақ ол жұмыстар жедел шешілді. Жарықша болған жердің бәрі жабылды.

Ақтөбедегі әуежайдың жолағына қатысты отандық компаниялар шағым түсірген. Өткен демалыста екі ұшақтың желдеткіші бетон жамылғының ойылғанынан бұзылыпты. Жолақтағы ол тесік жамалғанымен, бәрібір күрделі жөндеу жасау керек. Оны әзірге мамырға қалдырып отыр. Ал Украинадағы қақтығысқа қатысты транзиттік ұшақтарды қондыруға әзірміз деп отыр. Ақтаудағы әуежайға бүгін тек Ресей мен Белоруссияның бір-бір ұшағы тоқтап, техникалық қызметке жүгінген. Ал қалған 430 әуе кемесі тек еліміздің батыс өңірінің көгін ғана пайдаланып отыр. Ақтаудағы әуежайдағылар да тоқтаймыз деген транзиттік ұшақты қабылдауға сақадай сай екен.  

Меруерт Жолдыбаева, Ақтау халықаралық әуежайы бас директорының міндетін атқарушы

- Маңғыстау, Атырау облыстарының үстінен көптеген ұшақтар ұшып бара жатыр. Олар әуе дәлізімен өтеді. Ұшақтар біздің Ақтауға қонбайды. Егер қонатын болса 1-2 рейс болады.  Әуежай  штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Керек болса оларға қызмет көрсетеміз. Олар өзінің кестесімен кетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде