{metadescription}
Шекараны май-шелпекке айналдырғандар ұсталды
Шекараны май-шелпекке айналдырғандар ұсталды

Шекараны май-шелпекке айналдырғандар ұсталды

Қытаймен шекарадағы «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен орынбасары ірі көлемде парамен ұсталды. Қазынадан кірісін ұзақ жылдан бері жасырып келгендерді құрықтау үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Бас прокуратурамен  арнайы операцияны бірлесе ұйымдастыруына тура келген.

Құзырлы орган қызметкерінің бірі кәсіпкер кейпінде заңсыз жолмен тауар алып өтпек болып , мәселесінің оңтайлы шешілуі үшін пара ұсынады. Кеден басшылығы 50 мың долларды санап алып жатқанда қолдарына кісен салынды. Онымен қоса, контрабандалық тауардың өтуіне көз жұма қараған бекеттің операторы да 30 мың доллар алу кезінде ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу басталып, өзге ақпарат тергеу мүддесінде сай жария етуге жатпайды. Осы ретте айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен қаңтар айынан бастап кеден бекеттерінде уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне тексеру жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде