«Біссіміллә» деп депутат болды
Мәжіліс жаңа депутатпен толықты. Соңғы уақыттарда қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысып жүрген Саясат Нұрбек бүгіннен бастап төменгі палата депутаты. Жаңа мәжілісмен әріптестері алдында «Біссімілләсін» айтып, ант берді.
Автор: Әзиза Төленби
02.03.2022
Саясат Нұрбек бірден «Әлеуметтік-мәдени даму» комитетінің құрамына сайланды. Өйткені өзі де осыған дейін еңбек нарығының дамуы, жұмыссыздық, білім саласы, кәсіби квалификация жұмыстарымен айналысып жүрген. Нұрбекке мемлекеттік жұмыс та таңсық емес. 41 жастағы депутат кей жылдары Президент әкімшілігі, «Самұрық-Қазына» қорында жауапты қызметтер атқарған. Әзірге жаңа депутатқа кабинет берілмепті. Дегенмен есігім тілшілер үшін әрдайым ашық деді ол. Естеріңізге салайық, жаңа мәжілісмен Дариға Назарбаеваның орнына келді.
Саясат Нұрбек, Мәжіліс депутаты:
- Маған екі есе жауапкершілік. Неге десеңіз, бірінші Конституция, сосын Алланың алдында осындай ант бергенім дұрыс деп санадым. Жеке азамат ретінде. Қазір қиын қиылыстың ішінде тұрмыз. Еліміз, мемлекетіміз. Мен енді әскермін былай қарасаңыз. Өзімді әскер ретінде сезінем былай қарасаңыз. Халқымызға мен жеке секторда көмегім шектеулі. Қазір осындай Парламентке келіп ат салысуға дайынмын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!