{metadescription}
Ақтөбедегі индустриалды аймақта криптовалюта өндірген
Ақтөбедегі индустриалды аймақта криптовалюта өндірген

Ақтөбедегі индустриалды аймақта криптовалюта өндірген

Ақтөбе облысы әкімдігіне қарайтын кәсіпкерлік корпорация майнингтік компанияларға заңсыз жер бөлген. Осылайша екі жыл бойы қос фермаға криптовалютаны еркін өндіруге жағдай жасапты.

Қазір «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бірнеше қызметкері тергеліп жатыр. Олардың үстінен лауазымын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ал майнингтік компаниялардан өңірдегі индустриалды аймақтан берген жерді прокуратура тартып аламыз деп отыр. Өйткені, ол аймаққа тек кәсіпорын, ауыл шаруашылық кешені мен көлік логистикасын ашатындар ғана жіберіледі. Ал корпорациядағылар осы уақытқа дейін қос компанияның криптовалюта өндіріп келгенін білмедік деп ақталуда.

Ербол Шыма,  «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы:

- Алғашқы уақытта ол ақпарат өңдеу орталығы ретінде тіркелген. Ол кезде заң бойынша мұндай мекемелерге шектеу қойылмаған. Өйткені, олардың негізгі жұмыс бағыты ақпарат өңдеу, яғни жинау орталығы болып келді. Бірақ соңғы мәліметтер бойынша еліміздегі жағдайға байланысты ол мекеменің осындай қызметпен айналысып жатқаны белгілі болды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.