{metadescription}
Теңіз кенішіндегі өрттің шығыны есептеліп жатыр
Теңіз кенішіндегі өрттің шығыны есептеліп жатыр

Теңіз кенішіндегі өрттің шығыны есептеліп жатыр

Атыраудағы Теңіз кенішінде болған өрттің шығын көлемі есептеліп жатыр. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны да әзірге белгісіз.

Еске салсақ, кеше күндізгі бестер шамасында кәсіпорын аумағында алапат өрт болған еді. Қызыл жалын өндірістік қалдықтар сақталатын ашық кешенде тұтанған. Таратылған мәліметтерге сүйенсек,  20 контейнердің ішіндегі сұйқтықтың түгі қалмай жанып кеткен. Бірнеше жүк көтеретін машиналар да күлге айналған. Шарпыған жалынды сөндіру оңайға соқпады. 35 төтеншелік лаулаған отты 3 сағатта әзер ауыздықтаған.  Құдай сақтағанда адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.

Асхат Ержанов, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Кен орны мен Құлсары қаласының арасы 90 шақырым. Өрт сөндіру техникалары жеткенше бір жарым сағат уақыт керек болды. Сол себептен де жалынды өшіру ұзаққа созылды. Кәсіпорында өрт қауіпсіздік талаптары сақталмаған тәрізді . Қазір соған орай тексеріс жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде