{metadescription}
СІМ: Украинаға барудан бас тартуға шақырды
СІМ: Украинаға барудан бас тартуға шақырды

СІМ: Украинаға барудан бас тартуға шақырды

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Украинаға аттану ойынан бас тартуға шақырды. Себебі, желіде от пен оқтың ортасын көзбен көруге ойлы ел азаматтары да табылып жатыр екен.

Осы уақытқа дейін Украина шекарасын аттап, дүрбелең басталғанда шығып үлгермей қалған 450 қазақстандық эвакуацияланған. Тағы 80-і бүгін жеткізілмек. Нұр-Сұлтан  әуежайына қонған осындай шұғыл рейстердің бірін тілшіміз Елдос Есенбол да қарсы алды.

Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Украиндағы елшілігі онда қалған отандастарымызды тезірек елге алдырудың қамымен жүр. Осындай алмағайып шақта ерікті түрде Украинаға аттануға ниетті азаматтар да бар екен. Сыртқы істер вице-министрі бұл ойдан дереу бас тартуға шақырды.

Шахрат Нұрышев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

- Қазір Украинаға бару идеясын қабылдаған бұл азаматтар-егер олар ертең қандай да бір жағдайға тап болса, олар кімге бірінші болып жүгінеді? СІМ мен елшілікке. Мен азаматтардан мұндай ниеттерден бас тартуды сұраймын

Ал, бұл кешегі Нұр-Сұлтан әуежайындағы көрініс. Жасқа шыланған жанарлар мен сағыныса қабысқан құшақтар. Елорданың халықаралық әуежайы бұл кеште еріксіз эмоцияға толды. Баласын күткен ана да, анасын күткен бала да бар. Бір-бірімен үздіге қауышқан бауырлар да осында.

Катовицадан шығып Нұр-Сұлтан әуежайына қонған ұшақтан 120 Қазақстан азаматы түсті. Олардың төртеуі бала. Азаматтардың Украинаға аттану себебі әртүрлі. Бірі ем алу үшін аттанса, енді бірі туыстарына қыдырып барыпты. Туған жеріне табаны тиген азаматтар ең бастысы жан олжа елге аман-есен оралғанымыз дейді.

Елге-аман есен оралған отандастарымыз басты мәселе Украинадан Польшаның шекарасына аман-есен жету дейді. Ұзын-сонар кезек. Шекарада 2-3 күн тұрғандары да бар. Кейбірінің жолы болып діттеген жеріне жылдам жетіпті. Дәрігер-эндокринолог Жанар Қадырбекова сондай жанның бірі. Негізі Алматыға аттануы керек болған оның Елордадан түсетінін балалары жаңалықтан естіп біліпті. Жолымызға автобус беріп, Польшадан қонақ үй тауып берген елшілікке алғысымыз шексіз дейді ол.

Жанар Қадырбекова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Өйткені біз 90 километр жол Львовтан Польшаның шекарасына  дейін 90 шақырымды бір тәулік жүрдік. Ал қалған біздің Қазақстанның азаматтары әйелдері балалары 2-3 тәулік жүрді. Әбден қиналып, шаршап қиналып сүйтіп.

Елге оралған отандастарымыздың арасында бірнеше жылдан бері Украинада тұратындары да бар. Жергілікті жұрт қиыншылыққа қарамастан мәрттігін жоғалтпаған дейді оралғандар. Аузындағыны жырып, қолындағы барын берді деп ризашылығын білдірді.

Әйгерім Алтайбаева

Негізі өзім Алматы қаласының тұрғынымын. Украинаға демалу үшін барғанмын. 23-нен 24 не қараған түні барғанмын. Сол күні-ақ дүрбелең басталып кетті. Өзіміз де әрекет еттік. Еріктілер де көмек көрсетті. Ыстық тамақ, бутерброд әкеліп берді. Шекарада 2 тәуліктей болдық.

Украинадағы Қазақстан елшілігі азаматтарды елге алдыру үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз дейді. Әзірге басты мәселе болып тұрған шекараға жетер көлік.

Сергей Коновалов, Қазақстанның Украинадағы елшілігінің кеңесші уәкілі:

- Қазір эвакуациялық көлік өте қымбат. 10-15 мың доллардың аралығында. Яғни, Киевтен Львовқа, әрі қарай шекараға жеткізетін автобус бұл. Қазір елшілік эвакуацияны жалғастыру үшін қосымша қаржыландыру жағын ойластырып жатыр.

Елшіліктің мәліметінше Украинаның Киев, Харьков, Львов қалаларында жалпы саны 65 азамат бар. Ал тағы 74 адам Польшаның Катовицасында. Азаматтарды қауіпсіз аймаққа жинаған соң дереу елге алдырамыз дейді елшілік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.