{metadescription}
Алматыдағы Президент резиденциясы бұзылатын болды
Алматыдағы Президент резиденциясы бұзылатын болды

Алматыдағы Президент резиденциясы бұзылатын болды

Алматыда Президенттің резиденциясы сүрілетін болды. Қасым -Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынбақшы. 

Қалалық әкімдіктің іргесіндегі бұл  ғимарат қаңтардағы қақтығыс кезінде күл-талқаны шығып, отқа оранған. Әппақ мәрмәрмен қапталған резиденцияның түгі қалмап еді. 2000-шы жылы мемлекеттік маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне қосылған нысанда қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Алайда, бүгін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли резиденцияның сүрілетінін, әрі орнына алматылықтар демалатын саябақ ашылатынын мәлімдеді.

Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде