{metadescription}
ІІМ: Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1500 нысан тоналған
ІІМ: Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1500 нысан тоналған

ІІМ: Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 1500 нысан тоналған

Алтын әшекейлер, ноутбуктер, смартфондар, киім-кешектер. Қаңтардағы қақтығыста дүкендерге қарақшылық жасаған басбұзарлардан осындай 290 миллион теңгенің заты табылған. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 1500 нысан тоналыпты

Құқық қорғау органдары қылмысқа барған жеті күдіктіні ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу басқармасының бастығы:

- Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде бес адамнан тұратын топ полиция қызметкерлерінің арнайы техникасы мен қаладағы төрт дүкеннен түрлі тауар жымқырған. Жедел іс-шара барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша полиция қызметкерлері екі электросамокат, екі теледидар, үш ноутбук, компьютерлік техника және жаңа брендтік киімдер тапты. Сонымен қатар, күдіктілерден сатуға дайындалған есірткі табылып, тәркіленді. Осы іске қатысы барлар анықталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктер кезінде Алматы көшесіндегі банкоматтардың бірін тонаған Түркістан облысының екі тумасын ұстапты. Бір миллион теңгені қалталарына басқан ұрылардың ісі бейнекамераларға түсіп қалған. Күдіктілер кінәларын мойындады. Сондай-ақ, тергеу органдары қару-жарақтарды ұрлау фактілерін жан-жақты тексеріп жатыр. Бүгінде қолды болған үш мыңдай қарудың тек мыңы ғана табылыпты. Бас прокуратура Алматыдағы «Алпамыс» қару дүкенін тонаған екі қылмыскер бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғанын мәлім етті. Сондай-ақ, полицейлерге күш қолданған күдіктілер де қазір қамауда отыр. Мәселен, төрт полицейді көлікпен қағып, жарақаттаған Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздіктердің қатысушысы темірторға тоғытылған. Оның іс-әрекетін тергеушілер бейнекамералар арқылы әшкереледі. Айтып өту керек, әзірге қаралы қаңтар оқиғасына байланысты 62 адам жазасын алды.  751 күдікті тергеу изоляторында отыр.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы Бірінші қызмет бастығының орынбасары:

- Жедел тергеу топтарының өндірісінде 3666 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бар. Терроризм актілері мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы істерден басқа, тонау, ұрлық, қаруды ұрлау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты күш қолдану фактілері тергелуде. Аталған санаттан 162 айыпталушыға қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жолданды. 62 адам түрлі жазаларға сотталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде