Түнгі клубқа барамын деп төртінші қабаттан құлады
Ойыннан от шықты! Ақтөбелік тұрғын түнгі клубтың төртінші қабатынан құлап кетті. Ойын-сауық кешенінің баспалдақ ернеуінен асып түседі.
Автор: Жаңалық Ахаш
04.03.2022
44 жастағы азамат жолдастарымен түнгі клубқа қыдырып барған. Баспалдақтың темір тіреуішін ұстап, секіріп тұрғанда қасында достары болыпты. Ойнап тұрып оқыста бар салмағымен төменге қарай ауып кетеді. Төртінші қабаттан құлаған тұрғын қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Ал, тәртіп сақшылары жанындағы жолдастарын бәстесіп, әдейі өзіне қол салуға итермелеу туралы күмән болмау үшін тергеп жатыр.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Түнгі клубтардың бірінде төртінші қабаттан құлап, дене жарақатын алды. Қазір Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы қазіргі таңда анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!