{metadescription}
Алматылық оқушылар тегін тамақтанады
Алматылық оқушылар тегін тамақтанады

Алматылық оқушылар тегін тамақтанады

Алматыда бастауыш сыныптың барлық оқушылары ыстық тамақпен қамтылатын болды. Бұл туралы қаланың жаңа әкімі Ерболат Досаев көпбалалы аналармен кездесу өткізгенде мәлімдеді. Енді балалар асханада әлеуметтік жағдайына қарай жіктелмей, бірдей тамақтанбақ.

Мектептегі тамақ сапасы осыған дейін де талай талқыланған өзекті тақырып еді. Қызметіне кіріскеніне көп болмаған жаңа әкімнің сөз сыңайына қарағанда,  алматылықтардың жанына батқан мәселені шешуге білек сыбана кіріспек. Мәслихат оған бөлінетін бюджетті мақұлдаса, онда жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптың оқушыларына күнделікті тегін ыстық тамақ үлестіріледі. Ал, мектептегі орын тапшылығы мәселесінің қашан шешілетін әзірге белгісіз. Шаһарда жер тапшы болғандықтан, жаңадан мектеп пен балабақша салу жұмысы әлі күнге ақсап тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.