{metadescription}

Голливуд киноларын көре алмауымыз мүмкін

Батыс фильмдерін тамашалау арманға айналуы мүмкін. Себебі, Америкалық киностудиялар Ресеймен тікелей жұмыс істеуден бас тартты. Ал елімізде көрсетілетін фильмдер теріскейдегі көршіміз арқылы келетін.

Яғни ағылшыннан орыс тіліне Ресейде дубляж жасалады. Енді бұл мәселені шешу отандық дыбыстаушыларға жүктелетін сыңайлы. Кино саласының мамандары картиналарды тікелей АҚШ-тан алдырудан басқа амал жоқтығын айтады.

Ресейге салынған санакция салдарынан Америкалық кинолардан қағылуымыз мүмкін. Өйткені DISNEY сынды аупауыт компанияның туындыларын теріскейдегі  көршілеріміз орыс тілінде дыбыстайтын. Сондықтан бұл мәселе отандық кино саласының мамандарының көңілін түсіріп отыр. Өйткені алдағы уақытта фильмдерді тікелей Америкадан алдыртыру тым қымбатқа түсетінін айтады.

Айдар Баталов, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өндіріс бойынша вице-президенті:

- Америкадан Ресей арқылы келетін киноларды өзімізге тікелей жеткізетін болсақ, қып-қызыл қаражат кетеді. Ал ол Қазақстанда көрсетілген ақшасын ақтай ала ма? Бұл үлкен мәселе. Дистрибьютерлер шағын жұмыс үшін, қомақты қаржы төлеуге тәуекел жасай ма? Бұл да үлкен сұрақ.

Бұдан бөлек мамандар Ресейде Америка киноларын көрсетуге тыйым салынғанымен, ол жақтағы актерларды дубляж жасату үшін жалдауға болатынын айтады. Елімізде фильмдерді дыбыстайтын студиялар да жетерлік. Бірақ мәселе тағы да қаржыға келіп тірелмек.

Дмитрий Кириенко, Кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры:

Ресей арқылы келетін Голливуд киноларынан айырылғалы тұрмыз. Елімізге шетелдік картиналарды Меломан мен Сулпак компаниялары жеткізеді. Санкция салқыны дәл бүгін-ертең сезілмесе де алдағы уақыттары кесірін тигізуі ғажап емес. Ол кезде расымен Америкамен келісім-шартқа отырып, тікелей алдыртқан дұрыс болар. Бірақ логистика, дубляж және жеткізілуіне қатысты мәселелердің қалай шешілетіні әзірге белгісіз. 

Шетелдік кинолардың Ресейде көрсетілуіне тиым салу, теріскейдегі дубляж мамандарын да алаңдатып отыр. Олар әзірге қолда бар фильмдерді  ғана дыбыстап жатқанын айтады. Ал ары қарай не болары белгісіз. 

Михаил Вулих, «Пифагор»  студиясының бас директоры:  

Әзірге штатты режимде жұмыс істеп жатырмыз. Біздегі бұған дейін алынған кинолар көрсетіле береді. Аударуды тоқтатқан жоқпыз. Прокатқа еш қатысымыз жоқ. Ол тапсырыс берушілер арасындағы келісіммен жүреді. Орыс тілді картиналар тек Ресейде ғана емес, ТМД елдері арасында сұранысқа ие. Бұл дегеніміз біздің контентіміздің  жоғары екенін көрсетеді. Яғни біз шетелдік кинолардың контентін көтеріп отырмыз десек те болады.

Осылайша отандық киногерлер Голливуд киноларын тікелей алдырудан басқа амал жоқ екенін айтады. Егер ол мәселе оң шешімін таппаса, Үнді, Кәріс және Еуропа киноларын көрушілер көбейеді деп отыр. Сондай-ақ, отандық туындылар да соңғы уақытта 30-40 пайызға өскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.