Бейжіңде паралимпиада басталды
Дәл қазір Бейжіңде қысқы паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.
Автор: Мақсат Мәлік
04.03.2022
Қытай астанасында жалауы көтерілген паралимпиада ойындарында 46 елдің спортшылары сынға түседі. Ақ олимпиядаға қатысушылар 6 спорт түрінен 78 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ал, Қазқастан құрамасы Бейжіңдегі додада екі спорт түрінен ел намысын қорғайды. Жерлестеріміз шаңғы жарысы мен биатлонда туымызды көкке көтеру тиіс. Олардың арасында Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко сынды саңлақтар бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
20 наурыз
Серіктестер жаңалықтары