{metadescription}
0:000:00
Алматыда сел жүруі мүмкін бе?

Алматыда сел жүруі мүмкін бе?

Алматыға сел қаупі төніп тұрған жоқ. Көктемде су тасқынының алдын алуға дайындықты бастаған төтенше жағдай қызметкерлері осылай деп сендіріп отыр.

Қызыл суға тосқауыл қоюға кіріскен олар өзен арналарын қар-мұздан, тұрмыстық қалдықтан тазалауда. Осылайша табиғаттың тосын мінезіне сақадай-саймыз дегендерімен қатерлі аймақтардың да барын жасырмайды.

Көктем келісімен төтеншеліктер жыл сайынғы жұмыстарына кіріскен. Қауіптің алдын алу шарасын мамандар алдымен қаланы кесіп өтетін түрлі өзен арналарынан бастады. Мәселен, Қарғалы өзені қауіпсіз көрінгенімен, қар немесе жаңбырдан арнасы толса төңірекке қатер төндіруі мүмкін екен. Әсіресе көпір астындағы қасат қар мен қатқан мұздар қатты кедергі келтіреді дейді. Сондай-ақ, тұрғындардың түрлі тұрмыстық қалдықты ағынды суға тастауы да тасқын қаупін күшейтеді. Қыстан қарсыз шыққанымызға қарамастан төтеншеліктер көктемгі жаңбырдан қауіптеніп отыр.

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

- Алматы қаласында су тасқынының мезгілі мамыр айының ортасына дейін болады. Біріншіден ол қардың еріген себебінен, екінші осы сәуір айларында болатын жауындар себебінен. Биылғы жауған қардың көлемі 92 пайызды ғана құрап отыр. Жердің қатқан тоңы 38 см. Бұл қалыпты 40 см асқан жоқ. Қазіргі кезде 376 шақырым Алматы қаласы бойынша арықтар салынатын болады. Сол жобаның ішінде 11 учаскіде толығымен жойылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде