{metadescription}
Сүңгуірлер Каспий түбінде 100 жыл жатқан кемені алып шығуға қарсы шықты
Сүңгуірлер Каспий түбінде 100 жыл жатқан кемені алып шығуға қарсы шықты

Сүңгуірлер Каспий түбінде 100 жыл жатқан кемені алып шығуға қарсы шықты

Маңғыстаулық сүңгуірлер 100 жылдан бері Каспий теңізінің түбінде жатқан кемені жер бетіне алып шығуға қарсы шықты. Ақша шығарып кемені қозғағанша, турист тартып ақша табуға болады дейді олар.

Бахрамжан Новрузов, сүңгуір:

- Теңіз түбінде жатқан кеме қалдығын алып тастау теңіздің экожүйесіне өз әсерін тигізеді. Аталған нысан дайвингпен айналысатын туристерді тартуға таптырмас орын. Біз 2018 жылдан бері сол жерге фридайвингпен айналысуға шетелден келген туристерді апарып жүрміз. Адамдарды тартатын су астындағы тарихи нысан десек те болады.  2018 жылы Жапониядан келген туристерді апардық.

Сүңгуірлер су астындағы кеме қаңқасы қазақстандық қана емес, жүзуді ұнататын шетелдік туристерді де тартады деген сенімде. Тіпті аталған жерді туризм бағытындағы таптырмас табыс көзіне айналдыруға болады деп отыр.

Каспий жағалауынан 500 метр жердегі кеме теңіз түбінде 19 ғасырдың аяғынан бері жатуы мүмкін деген болжам бар. Тіпті мәдениет басқармасындағылар бұл нысан шамамен 100 жыл бұрын Маңғышлақ түбегінің жағалауында суға батқан әлемдегі алғашқы мұнай таситын танкер болуы да мүмкін дейді. Сондықтан тарихи жәдігер теңіз түбінде қалатын сияқты. Ол үшін ескі кеменің тарихи-мәдени маңызын анықтап, қажет болса, қорғауға алынуы да ғажап емес дейді мамандар. 

Елдос Еміл, «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі директорының міндетін атқарушы:

- Бізге келген мәліметте бұл 1881 жылы ең алғаш Швецияда ағайынды Нобельдер екі танкер жасаған деп айтады, Каспий теңізіне арнап. Сол жасалған танкерлердің біреуі болуы мүмкін деген жорамал бар. 19 ғасырдың аяғында жасалған. Ұзынды 85 метр, ені 8,5 метр. Оны алғашқы тіркеуге аламыз. Одан кейін барып сараптама жасайды. Тарихи-мәдени ескерткішке жататын, жатпайтынын біледі. Бұл нәрсенің су түбінде жата бергені жақсы. Ол қанша дегенмен ежелгі жәдігер. Суға сүңгитін адамдар қызықтайды, көреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде