{metadescription}
Пандемияда ауылдарға интернет тартқандар жалақысыз қалған  
Пандемияда ауылдарға интернет тартқандар жалақысыз қалған  

Пандемияда ауылдарға интернет тартқандар жалақысыз қалған  

Пандемия кезінде шалғай ауылдарға интернет тартқан мамандар маңдай тер ақысын ала алмай жүр. Олар осыдан екі жыл бұрын 2 мердігер компаниямен келісімге отырып Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елдімекендерге желі жүргізген.

Істеген жұмыс жайлы акт өткізсе де, ірі байланыс операторы 30 миллион теңгесін әлі төлемей отыр.

Қайсар Нұралы, «Каз-Глав Инвест» ЖШС директоры:

- «БКС» ЖШС бізге осы күнге дейін 24 миллион қарыз. Негізі құжат бойынша 137 млн еді, бірақ оны 106 млн-ға қысқартып, 24 млн қалып тұр, бүгінгі күнге дейін. Қарызды бермегеніне екі жылдан асты. Мен жалдаған басқа компаниялар да бар. Олар мені сотқа берді. Фирманың шоты арестте. Жұмыс істей алмай отырмын. Нан тауып отырған фирма ғой.  

«Нортекс Груп», «Билд Комуникейшн Сервис» серіктестігінен тапсырыс алған бірнеше субмердігерлер еңбекақысын сұрап жауапты компанияның алдына жиналды. Айтуларынша, мердігер жұмыс басталар алдында жарты миллион теңге бастапқы төлемін жіберіп, қаржылық қамту сонымен аяқталған. Маңдай тер ақысын ала алмай зар илеп жүрген кәсіпкерлер  тапсырыс беруші  «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына да барыпты. Алайда, олар бір-біріне сілтеп, сан түрлі сылтаумен шығарып салған. Бүгін де ірі байланыс операторы қаражат талап еткендерге де, түсініктеме сұраған тілшілерге де жауап қатпады. Екі жылдан бері "ертең" дегенге сеніп келген қосалқы мердігерлер бұл мәселе министрліктің құлағына шалынып, жауапқа тартылсын деп отыр.

Жәнібек Юсупов, жеке кәсіпкер:

- Бес жарым миллиондай ақшамыз қалды. Соны ала алмай жүрміз, екі жыл болды. Сол мәселені шешіп беруді біз цифрлік даму министрі Мусин Бағланнан сұраймыз. Бұл жерде тапсырыс беруші «Қазақтелеком», оның артында Nortex Group, Build Communication Service компаниялары осы күнге дейін ақша төлемей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.