{metadescription}
Қарағанды облысында ірі қара құтыра бастады
Қарағанды облысында ірі қара құтыра бастады

Қарағанды облысында ірі қара құтыра бастады

Қарағанды облысында ірі қара құтыра бастады. Қауіпті кесел Қарқаралы ауданынындағы Мамыраев ауылынан шыққан. Індеттен өткен айда төрт ірі қара арам қатқан.  

Аудандағы шаруа қожалықтардың бірінде сиырлардың қырылуы ақпанда тіркелген. Олардан алынған сынамалардың қорытындысы енді шығыпты. Құтырма дерті расталған соң, Мамыраев атындағы ауылдан ет, сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Ауру ошағы саналған шаруа қожалығындағы адамдардың да денсаулығы бақылауға алынды. Өйткені бұл кесел адамға да жұғуы ықтимал екен. Мамандар аталған ауру қасқыр тартқан сиырдан тарады деп отыр. Қазір ауылда шектеу шаралары қолға алынды.

Данияр Мерғазин, ҚР АШМ ветеринария бақылау комитеті, Қарағанды облысы инспекциясының басшысы:

- Ауыл округі әкімінің шектеу жариялау шешіміне сәйкес, республикалық қордан тиісті ветеринарлық препараттар бөлінеді. Осы ветеринарлық препараттармен лажсыз және қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Сонымен қатар шаруа қожалығындағы барлық мал түліктеріне вакциналау жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде