{metadescription}
Павлодар облысында бірнеше ауылға тасқын қаупі төнген
Павлодар облысында бірнеше ауылға тасқын қаупі төнген

Павлодар облысында бірнеше ауылға тасқын қаупі төнген

Павлодар облысында қырдан аққан қар суы бірнеше ауылға қауіп төндірді. Тасқынға алаңдаған тұрғындар мерекені алаңдаумен өткізген

Құтқарушыларға ең алдымен Баянауыл ауданына қарасты Бірлік пен Құндыкөл ауылы тұрғындары хабарласыпты. Күннің күрт жылынып, қырдан аққан қар суы көшелерді алып кеткен. Дереу су сорғызып, тасқынның бағытын өзгерту үшін далалыққа қарай жыра қазады. Соның арқасында ешбір үй бүлінбепті.

Май ауданындағы Көктөбе ауылын да құм толтырылған қаптармен қоршауға тура келді. Бұл елдімекен жанынан өтетін тас жолды да тасқын шайып кете жаздаған. Құтқарушылар айналдырған бір күн ішінде техника көмегімен алты мың текше метр су сорғызғандарын айтады.

Ақылбек Баяхметов, Павлодар облысы ТЖД басқарма бастығы:

- Күннің күрт жылынуынан осындай жағдай болды. Онымен қоса жаңбыр жауды. Ал жерде әлі тоң жатыр. Су сіңіп кететіндей топырақ жібімеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде