{metadescription}
«Қазақтелеком» жұмысшылары жалақы көтеруді талап етуде – Қарағанды
«Қазақтелеком» жұмысшылары жалақы көтеруді талап етуде – Қарағанды

«Қазақтелеком» жұмысшылары жалақы көтеруді талап етуде – Қарағанды

Қарағандыда «Қазақтелеком» жұмысшылары жалақы көтеруді талап етуде. Айтуыларынша, басшылық берген уәдесін орындамаған. Жыл басында айлық 50 пайызға көтеріледі деп сенгендер тағы алдандық деп отыр.

Айдын Жабаев, инженер:

- 20-50 пайыз деген, бірақ қазір осы жігіттердің бәрі наразы. Мен де наразымын. Өйткені 20-50 пайыз жоқ. Тек қана осы жұмыскерлер қарапайым 13-11-14-17 пайыз ғана. 50 пайыз деген деген ешкімде жоқ. 20-50 пайыз деп айтқандай, өз сөзінде тұрса дейміз.

Жиналғандар елдегі қымбатшылық пен жылдар бойы өспеген жалақыдан әбден ығыр болғанын айтады. Орташа айлықтары 100 мың теңге. Ыстық-суыққа қарамай көше кезіп, телефон мен интернет жүйесін жүргізу оңай емес дейді олар. Сол құрлы жалақыны жарытып алмайды екен. Көбі қосымша жұмыс істеп амалдайтын болған. Жалақы мәселесінен хабардар басшылық жаңа жылдан бастап айлық 20 дан 50 пайызға көтерілетінін айтқан екен. Алайда осы жолы қолға тиген жалақы көлемі бұлардың көңілін көншітпеді. Ал «Қазақтелеком» басшылығы уәдесінде тұрғанын айтады. Тек қана жалақыны бірден емес, алдағы бірнеше жылда біртіндеп көтеру жоспарланыпты.

Берік Битабаров, «Қазақтелеком» АҚ HR-директоры:

- Компанияның стратегиялық жоспарына сәйкес, жалақы алдағы бірнеше жылда көтеріле береді. Оның сыртында тоқсандық сыйақы беріледі. Наурыз айында орындалған жоспар сыйақысы қарастырылған. Бүгінгі күні 17 мың жұмсышының жалақысы орта есеппен 20 пайызға көтерілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде