{metadescription}
1-сәуірден бастап кинотеатрларда көрсететін ештеңе қалмаған
1-сәуірден бастап кинотеатрларда көрсететін ештеңе қалмаған

1-сәуірден бастап кинотеатрларда көрсететін ештеңе қалмаған

Елімізде ірі кинотеатрлар желісі жабылады. 1-сәуірден бастап сауда орталықтарында орналасқан ірі кинотеатрлар желісі жұмысын уақытша тоқтатады. Оған Ресейге салынған санкция себеп.

Өйткені Америкадан елімізге картиналар теріскейдегі көршіміз арқылы дубляждалып келетін. Енді кинотеатр басшысының айтуынша, алдағы уақытта көрсететін туынды қалмаған. Тіпті наурыз айына жоспарланған картиналар да көрсетілмейтін болыпты.

20 жыл бойы халыққа түрлі жанрдағы фильмдерді ұсынып келген қос кинозал желісінің бүгінде хәлі мүшкіл. 800 адамды жұмыспен қамтып отырған мекеменің басына қара бұлт пандемия кезінен бері төнген. Ал геосаяси жағдайлар жығылғанға жұдырық болған.

Кинотеатрлар басшысы қазірдің өзінде санкцияның екпіні байқала бастады деп отыр. 10-наурыздан бастап көрсетілетін мультфильм мен бірнеше киноның да премьерасы кейінге шегеріліпті.

Алмаз Малдыбаев, кинотеатрлар желісінің жетекшісі:

- Қаржы жағынан да қиындықтар туындап тұр. Өзгелермен салыстырғанда бізде жұмыс ұжымы да, тағы басқа да міндеттемелер жоғары. Ресей арқылы келетін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартуда. 1-сәуірден бастап кинотеатрларда көрсететін ештеңеміз жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы белгісіз мерзімге дейін жабылуға мәжбүр.

Голливуд өнімдерінің бізге Ресей арқылы келетіні Disney мен Sony pictures қана. Олардың еліміздегі өкілі  Sulpak синема. Қалғандары тікелей келісімшартпен жұмыс істейді. Осының барлығын жіктеп көрсеткен Ұлттық киноны қолдау орталығының өкілі санкция деп сарсаңға түспеуге шақырады. Өйткені қатаң қаулы бізге емес, Ресейге ғана қатысты дейді ол.

Бауыржан Шөкенов, «ҰКҚМО» КЕАҚ басқарма басшысының орынбасары:

- Орталық Азия мен Қазақстанға ешқандай санкция жарияланған жоқ. Сол себепті бұл мәселені шешу жолдарын қарастыру керек. Елімізге Голливуд киносын жеткізушілер «Меломан» мен Sulpak cinema. Sulpak кинотеатры өз жауабында алдағы үш айға дейін шығарылымдары бар екенін хабарлады. Ал ұзақ жылдар бойы Hollywood Disney, Fox және Sony картиналарын ұсынған Meloman компаниясы әзірге үнсіз.

«Меломан» компаниясы да әзірге репертуарларында  өзгеріс жоқтығын айтады. Сондай-ақ кино саласына санкциядан бұрын пандемияның да кері әсері көп болды дейді. Кинотеатрдың көбісі кеткен шығынды әлі ақтай алмаған. Тіпті үйде отырып кино көрген халықтың көбеюінен кинотеатрға келушілер саны да күрт төмендепті.

Вадим Голенко, «Меломан» компаниясының бас директоры:

- Қазақстанда жылына бар болғаны 300-ге жуық фильм көрсетіледі.  Қазақстан фильмдерді тарататын Ресейдің белгілі бір аумағында орналасқан ел емес. Яғни «Дисней», Sony компаниялары бізді жеке бизнес үлгісі екенімізді түсінуіміз керек. Қазір «Я краснею» фильмін Ресейде, ТМД елдерінде және Қазақстанда да көрсетілу мерзімін кейінге шегердік.

Киногерлердің айтуынша елімізде бір толықметражды фильмді дубляж жасау 20 миллион теңгені құрайды екен. Ал бұл шығын өзін-өзі ақтай алуына күмәнмен қарайды.

Голливуд студиялары Украинадағы жағдайға байланысты Ресейде фильм көрсетуден бас тарта бастады. Мұндай шешім туралы Walt Disney Company, Sony, Netflix, Warner Broзерс студиялары жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде