Қаңтар оқиғасы: Алматыда қолды болған қару-жарақ тәркіленді
Алматыда қаңтар оқиғасында қолды болған қару-жарақтың кезекті партиясы тәркіленді. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандар қаңтардың 5-6 күндері қару сататын дүкендерді тонаған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
09.03.2022
Күдіктілердің бірі Алматы әуежайындағы тәртпісіздікке қатысқан 23 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Тұрғылықты жерінен екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленді. Ал оның 43 жастағы сыбайласында ұрланған қару әлдеқайда көп. 19 пневматикалық қару, оқ-дәрі, бір арбалет пен 6 оптикалық көздегіш тәркіленген. Аталмыш дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!