{metadescription}
Депутаттар күш құрылым басшыларынан көкейдегі сұрақтарға жауап талап етті
Депутаттар күш құрылым басшыларынан көкейдегі сұрақтарға жауап талап етті

Депутаттар күш құрылым басшыларынан көкейдегі сұрақтарға жауап талап етті

Қаңтар оқиғасына қатысты халықтың сұрағы көп. Депутаттар күш құрылымдарының басшыларын Мәжіліске шақырып, жаппай тәртіпсіздіктер туралы жұрттың көкейіндегі сұрақтарға ашық жауап беруді талап етті.

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы мүшелерінің бұлай ашулануына жақында өңірлерге жасаған сапары себеп болыпты. Әр аймаққа атбасын бұрған депутаттар халықпен кездесіп әлеуметтік мәселелерді өз көзімен көріп қайтқан. Сол кездесулерде қоғам тарапынан, елдегі белсенді азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен «Қаңтар оқиғасына құқықтық баға қашан беріледі?» деген сұрақтар қойылыпты. Алайда төменгі палата депутаттарының қылмыстық істерге араласуға, баға беруге құқығы жоқ. Дегенмен олар қоғамның талап-тілегін тиісті мемлекеттік құрылымдарға жеткізуге міндетті. Сондықтан халық қалаулылары күш құрылымдарының басшыларын қаңтардағы оқиға туралы сұрақтар қою үшін Мәжіліске шақырды. Мемлекеттік органдар тарапынан ресми дерек болмаған соң, әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат тарап жатқанына депутаттар алаңдаулы.

Жанарбек Әшімжанов, Мәжіліс депутаты:

- Осы күндерде түрлі әлеуметтік желілерде елдің көңіліне қаяу түсіретін сан түрлі ақпарат ағыны тасқындап тарап жатыр. Қоғам негізгі ресми ақпаратқа қол жеткізе алмаған сәтте, сөзсіз, аңыз-шыны аралас алып-қашпа дүниелер алдыңғы қатарға шығады. Уақыт ұзаған сайын сенім сетінеп, күдіктің тұманы қалыңдай береді. Сондықтан тиісті күштік құрылымдар, мемлекеттік орган басшылары жеделдетіп Мәжілістің төріне келіп, оқиғаға байланысты осы және басқа да сауалдарға ашық және анық, бетпе-бет жауап беруі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде