Ресейдегі шектеулер біздегі интернет сапасына әсер ете ме?
Цифрлық даму вице-министрі Ресейдегі шектеулер Қазақстандағы интернет сапасына әсер етпейді деп сендірді. Украинамен арадағы қақтығыс салдарынан солтүстіктегі көршімізге салынған санкциялар күн санап көбейіп келеді. Бірақ біздің шенеуніктер түйткілді мәселені күні бұрын өлшеп-пілшіп алдын алуға дайын отыр екен.
Автор: Елдос Есенбол
09.03.2022
Асхат Оразбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:
- Бізге төнуі мүмкін деген қауіп-қатердің барлығын қарастырдық. Қазір Еуропадан келіп жатқан ғаламтор қуатын Қытайдан да ала аламыз. Соны ескеріп, дүниежүзілік ақпараттық торға байланысты алаңдауға еш негіз жоқ деп шештік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!