{metadescription}
Еліміздегі әлсіз интернеттің себебі: жер бедері, тау мен тас
Еліміздегі әлсіз интернеттің себебі: жер бедері, тау мен тас

Еліміздегі әлсіз интернеттің себебі: жер бедері, тау мен тас

Елдегі ең әлсіз интернет Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында. цифрлық даму министрлігіндегілер мұның себебін жер бедері, тау мен тас байланыс жеткізуге кедергі келтіреді деп түсіндірді. Десе де Қазақстанда қуатты 5G интернетін қосуға тас түйін дайынбыз дейді вице-министр.

Тек, ол  алдымен республикалық маңызы бар ірі қалаларда ғана қолданысқа берілмек. Одан кейін ғана аймақтардағы ағайын игілігін көре алады.  

Асхат Оразбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Қазақстанда 5G коммерциялық желілері биыл республикалық маңызы бар  Алматы,Шымкентте қосылады. Сосын 2023-2025 жылдары облыс орталықтарында жоспарланып отыр. Ауылдарға 5G-мен бармаймыз.

Ал сапасыз интернет таратқан операторларға айыппұл өсіріледі. Мәжіліс бүгін осындай заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Депуттардың айтуынша, пандемия кезінде ел жаппай желіге байланғанда біздегі ғаламтордың әлсіздігі байқалған. Соның салдарынан азаматтардан түскен арыз-шағым да көбейіпті. Ал бұған жауаптыларға жаңа жабдық орнатып мәселені шешкеннен гөрі, айыппұлдың жартысын төлеп жылы жауып қоя салған қолайлы. Сол себепті енді жұмысына салғырт қараған операторлар мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.

Жанна Телпекбаева, Мәжіліс депутаты:

- Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлды 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін және бір жылдың ішінде қайталап жасалған құқықбұзушылыққа 1500 есептік көрсеткішке дейін ұсынылып отырған ұлғайту азаматтардың сапалық байланыс пен интернет қызметтерін алу құқығын қорғауға мүмкіндік береді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде