{metadescription}
Эвакуация: Дунаевта дүние келген Батыр есімді нәресте еліне жеткізілді
Эвакуация: Дунаевта дүние келген Батыр есімді нәресте еліне жеткізілді

Эвакуация: Дунаевта дүние келген Батыр есімді нәресте еліне жеткізілді

Киевтегі Қазақстан елшілігі Львов қаласына уақытша көшірілді. Украина астанасындағы жағдай ушыққан соң, осындай шешім қабылданды дейді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. Дегенмен дипломаттар ел азаматтарына көмек қолын созуды жалғастырып жатыр.

Бүгінге дейін Украинадағы 731 қазақстандық елге оралды. Оның ішінде 662 адам Польша, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакия арқылы жеткізілген.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Қақтығыс жүріп жатқан аумақтарда да біздің азаматтар бар. Оларды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздердің іске қосылуын күтіп отырмыз. Осы мәселе төңірегінде Украина мен Ресей тарапы арасында келіссөз жүіп жатыр. Мүмкін болған жағдайда азаматтарымызды эвакуациялаймыз.

Бүгін таң алдында қақтығыс аймағында қалған тағы 155 қазақстандық оралды. Төртінші эвакуациялық рейс Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына қонды. Оның ішінде жеті бала бар. Ең кішкентайы қақтығыс басталған уақытта Дунаев ауданындағы шекара маңында дүниеге келген. Ата-анасы сегіз жыл күткен тұңғыштарына Батыр есімін беріпті. Екі жылдан бері Киевте тұрған ерлі-зайыптылар құрылыс саласында қызмет атқарған.

Бауыржан Игіліков:

- 28-ақпан күні дүниеге келді. Атын Батыр деп қойдық. Атасы осындай қиын заманда дүниеге келіп жатқан нағыз жігіт, ер жігіт, батыр болсын деп, Батыр деп атын қойды. Алматыданбыз, тақымын қысып бәрі күтіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде