{metadescription}
Кәрім Мәсімовтің тек Нұр-Сұлтандағы үйінен 17 млн 200 мың доллар тәркіленді
Кәрім Мәсімовтің тек Нұр-Сұлтандағы үйінен 17 млн 200 мың доллар тәркіленді

Кәрім Мәсімовтің тек Нұр-Сұлтандағы үйінен 17 млн 200 мың доллар тәркіленді

Мемлекетке опасыздық жасап, билікті тартып алмаққа кіріспес бұрын миллиондап ауызбастырық алған. Тергеушілер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің тек Нұр-Сұлтандағы үйінен 17 миллион 200 мың доллар тәркіледі. Бума-бума ақша шабаданға нығыздалып салынған екен.

Құйылған алтындары мен миллиондар тұратын антиквариат заттары өз алдына. Ұлттық қауіпсіздік комитеті аса құпиялығына қарамастан, "Мәсімов ісіндегі" кейбір деректер мен фотосуреттерді жариялады.

Мәсімов ұсталысымен, оның астанадағы үйіне тінту жүргізілген. Тәркіленген қымбат дүние мен көліктерден көз сүрінеді. Сән-салтанаты жарасқан зәулім сарайдан бизнес санаттағы 11 машина, әрқайсысы 5 миллион теңге тұратын қолсағаттар, қолма-қол ақша, тіпті алтын құймалары табылған. Мұның бәрі экс-төрағаға пара ретінде беріліп келуі мүмкін деп күдіктенеді тергеушілер. Және бір үйден табылғаны ғана.

Ал пара, ауызбастырық ретінде алынған миллиондарын Мәсімов шетел асырып отырыпты. Мәселен, Үкіметті басқарған кезде ірі бизнесмендердің бірінен элиталы коттедж, 2 жарым миллиард теңгенің жер телімін алған.

Қазір шекара асқан ақшаны ел қазынасына қайтару жүргізіліп жатыр. Мәсімовтың туыстарының өзінен 5 миллион доллар қайтарылыпты. Алматы мен елордадағы элиталы үйлері, Бурабай көлінің жағасындағы 1 гектар жері бұғатталып тұр.

Кәрім Мәсімов пен оның Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповқа мемлекетке сатқындық жасады, төңкеріс жасап билікті күштеп тартып алмақ болды деген ауыр айыптар тағылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде