{metadescription}
Ұлттық банк: Visa, Mastercard карталарымен төлем жасауға шектеу жоқ
Ұлттық банк: Visa, Mastercard карталарымен төлем жасауға шектеу жоқ

Ұлттық банк: Visa, Mastercard карталарымен төлем жасауға шектеу жоқ

Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің Ресейде жұмысын тоқтатуы елімізге еш зияны жоқ. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді. Жерлестерімізге Visa және Mastercard карталарымен Қазақстан аумағында, сондай-ақ Ресейден өзге мемлекеттердің бәрінде төлем жасауға шектеу жоқ дейді мамандар.

Раушан Қайнарбаева, ҚР ҰБ төлем жүйелерін реттеу және талдау басқармасының бастығы:

- Ұлттық банк барлық жағдайды мұқият қадағалап, тиісті шешім әзірлейді. Қазақстанның резиденттері үшін тек ел ішінде ғана емес, Ресейден басқа барлық мемлекеттерде Visa және Mastercard-пен жүретін барлық операциялар қолжетімді. Олар штаттық режимде шектеусіз жұмыс істеп тұр.

Кешеден бастап Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйесі Ресейде жұмысын тоқтатқан. Сол себепті шетелдік банк карталарымен бұл елде қандай да бір операция жасалынбайды. Ал ресейлік банк карталары сырт мемлекеттерде жұмыс істемейді.

«Сбербанк Қазақстан» және «Альфа-банк Қазақстан» елдегі филиал болғаныман, аталған банктің карталары бар жерлестеріміз Ресейден басқа аймақтың бәрінде қаржы операциясын жүргізе алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.