{metadescription}
Шымкентте ауладан шырылдап жатқан шақалақ табылды
Шымкентте ауладан шырылдап жатқан шақалақ табылды

Шымкентте ауладан шырылдап жатқан шақалақ табылды

Шымкентте жаңа туылған шақалақ табылды. Әбден тоңып, шырылдап жатқан нәрестені аулада серуендеп жүрген студент қыздар көріп қалған.

Тоңып қалған шақалақты дәрігерлер әуелі жылытып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Сөйтіп, қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызды. Ұлдың салмағы 3 келі 200 грамм, ал бойы 50 сантиметр. Дәрігерлер ары кетсе туылғанына 2 күн ғана болған деп отыр. Қазір, ауруханада жатқан бейкүнә баланың анасы іздестірілуде. Қылмыстық іс қозғалып, көкек ананың өз сәбиінен не үшін жерінгені анықталып жатыр.

Бақытжан Пазилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жағдайы жақсы. Сүт ішіп жатыр. Қазір жан-жақты тексеріліп жатыр. Бүгінгі таңға белгілісі: балада аса бір ақаулар байқалмайды. Егер анасы табылмаса, біз оны заң жүзінде құжат жасап, рәсімдеп. оны арнайы мамандандырылған балалар үйіне өткіземіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде