{metadescription}
Ақтөбеде әуежай бір апта бойы күндіз ұшақ қабылдамайды
Ақтөбеде әуежай бір апта бойы күндіз ұшақ қабылдамайды

Ақтөбеде әуежай бір апта бойы күндіз ұшақ қабылдамайды

Ақтөбедегі халықаралық әуежай жартылай жабылды. Яғни бір апта бойы күндіз ұшақ қабылдамайды. Өйткені наурыздың 17-сіне дейін ұшу алаңындағы тас плиталарды ауыстырып үлгеруі керек.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі еліміздегі жолаушылар тасымалымен айналысатын үш компанияның өкілімен бірге әуежайда тексеру жүргізіпті. Олар ұшу алаңының жарамдылығын қарап, жөндеу қажет ететін тұстарын облыс әкімінің орынбасарына көрсетіп кеткен.

Осыған дейін әуе компаниялары ұшақ алаңындағы тесіктердің кесірінен ұшақтарының бұзылғанын айтып шағымданған. Бірақ бұл жолы ұшақ ұшуға жарамды, жеңіл жөндеу жүргізсін деген тоқтамға келіскен. Сондықтан жөндеу біткенше бір апта бойы Ақтөбеге келген ұшақтар тек түнде ғана қонады.

Айгүл Илиханова, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе әуежайының басқарушы директоры:

«Қазақстанның авиациялық әкімлішігі» АҚ-ы 17-наурызға дейін аэродромдық плиталаларды ауыстыру, жөндеу жүргізуге қатысты бірнеше ұсыныс айтты. Қазір соны әуежайдың қаражатына жүзеге асырып жатырмыз. Әуе кемелерін күндіз қабылдауды тоқтатып, тек түнде ғана ұшып-қона алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде