{metadescription}
"Жастар": Табысы төмен жастарға арзан жатақханалар салынсын
"Жастар": Табысы төмен жастарға арзан жатақханалар салынсын

"Жастар": Табысы төмен жастарға арзан жатақханалар салынсын

Табысы төмен жастарға ұзақ мерзім тұратын жатақханалар салынып, оның бағасы ойға қонымды болуы керек. Бұл пәтер алу үшін бастапқы ипотекалық жарнаны жинауға үлкен мүмкіндік. Бастаманы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы көтерді. 

Баспана алу Қазақстанда көкейкесті мәселенің көш басында тұр. Әсіресе үйлі болуды армандайтын жастар жылдан-жылға көбейіп келеді. Мемлекет те көмегін аяп жатқан жоқ. Төмен жарнамен үй алу, бөліп төлеу, алғашқы салымға ақша жинау сияқты бағдарламалар бар. Бірақ қазір соған да шамасы жетпейтін отандастарымыз жетерлік. Сатып алу құқынсыз пәтер жалдайтын жастар тізімі азаяр емес. Олардың әлеуметтік жағдайы біркелкі болмаған соң  кезекке ілінбейтіндер көп. Бастама осы санаттағы жастарға арналған.

Әділ Құсманов, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының кеңесшісі:

- Мысалы, кез келген жас қазақстандық жалақысына қарамастан жалдамалы тұрғын үй алуына болады. Қараңызшы, менің миллион теңге табатын досым жалға берілетін тұрғын үй алды. Бұл әділеттілікке жата ма? Меніңше, жоқ. Себебі, бұл тұрғын үйге мұқтаж адамдар бар. Олардың бұл үйге қолы жетпейді. Өйткені олардың алдына осындай жақсы табыс табатындар түсіп кетеді. Оларға шектеу жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.